📅 10.06.2025
Күннің тақырыбы: «Мейірімді жүрек»
(Әділеттілік — Жауапкершілік)
Бүгін «Достық» лагерінде тек күн шуағы ғана емес, жүректер де жылылыққа толы болды! ☀️
Күн «Әділеттілік — бұл тек сөз емес, нақты іс!» ұранымен өтті.
🌿 Біз өзгелерге қамқор болуды, қолдау көрсетуді, айналамыздағы ортаға жанашырлық танытуды үйрендік. Себебі мейірімділік — бұл жай ғана іс-әрекет емес, бұл — өмір сүру салты!\
📌 Бағдарламада болған іс-шаралар:
🔹 Рөлдік ойын-дискуссия «Әділет іс жүзінде»
🔹 «Жас құтқарушы» сабағы + zero-waste күн әдеті
🔹 Тренинг және мейірімді істер шеберханасы: ашықхаттар, қолдау сөздері, «мейірім жинақ сандығы»
🔹 Әділетті әрі көңілді спорттық ойындар
🔹 КВН «Мейірімділік әлемді құтқарады!» дайындау және жарқын өткізу
🔹 Лагерьдің топтық Этикалық кодексінің тұсаукесері және ең белсенді, шынайы қатысушыларды марапаттау
Әр бала бүгін аз да болса, мейірімдірек, саналырақ әрі әділдік пен жанашырлықтың күшіне сенімдірек болды.
Әділеттілік кішкентай әрекеттерден басталады — бізден!

