Skip to content

Қостанай облысы әкімдігі білім  басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің№21 жалпы білім беретін мектебі» КММ 14.03.2024-28.03.2024ж. бойынша келесі бос лауазымға конкурс жариялайды: мұғалім-логопед

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» педагогтерді конкурстық қабылдау қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 30 наурызда № 7495 болып тіркелген, жаңа редакцияда-2021 жылғы 19 қарашадағы Білім және ғылым министрінің № 568 бірлескен бұйрығымен және 2021 жылғы 22 қарашадағы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің № 432 бұйрығы, Қостанай облысы әкімдігі білім  басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің№21 жалпы білім беретін мектебі» КММ 14.03.2024-28.03.2024ж. бойынша келесі бос лауазымға конкурс жариялайды:

мұғалім-логопед.

 Конкурсқа қатысатын педагогтерге қойылатын талаптар:

пән бойынша жоғары немесе арнаулы орта педагогикалық білім, коммуникабельділік, жауапкершілік.

Конкурсқа қатысу үшін мектеп кеңсесіне келесі құжаттар топтамасын ұсыну қажет:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау Қостанай қаласы, Леонид Беда көшесі, 122, қабылдау бөлмесі мекенжайы бойынша жүзеге асырылады. Тел.: 50-47-71

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *