8 қазанда 3 «В» сыныбында «Төрт тоқсан – төрт өнер» жобасы аясында «Айтыс өнері» тақырыбында музыка сабағы өтті, онда оқушылар айтыстың пайда болуы, ақындар айтысының поэзияда да, вокалда да жоғары шеберлікпен ерекшеленетінін, кең интеллект, терең білім мен мәнерлі қимылдарға ие болу керектігін білді. Түрлі ақындар арасындағы айтыс үзінділерін тыңдаумен қатар, оқушылар өздері де айтысқа қатысып, бір-бірімен жарысты. Қатысушылар үшін сабақ өте қызықты және танымды болды.
