2025 жылдың 27-30 қаңтар аралығында Щучинск қаласында XX Республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар байқауының қорытынды кезеңі өтті. Біздің мектептен осы байқаудың республикалық кезеңіне 2-сынып оқушысы Мустафин Карим қатысып, «Биология» секциясы бойынша «Пржевальский жылқысы – байырғы жеріне оралу» тақырыбындағы ғылыми жобасын қорғады. Қорытынды кезеңнің нәтижесі бойынша Мустафин Карим лайықты 3-орынға ие болды! Мектеп әкімшілігі мен бүкіл педагогикалық ұжым ғылыми жетекшісі Игизбаева Асемгуль Кашарбековнаға, сондай-ақ ата-аналары – Мустафин Сактаган Сагинтаевич пен Аманжолова Акмарал Бахытбековнаға зор алғыс білдіреді.
Мустафин Каримнің есімі «Зерде» байқауындағы жоғары нәтижесі үшін мектептің Құрмет кітабына жазылады.

