Перейти к содержимому

Шабыттандыра отырып үйрету: ойлауды дамытуға бағытталған жас педагогтың ашықсабағы

2025 жылғы 14 сәуірде 2 «Б» сыныбында педагог Аменова Александра Владимировна «Көбейту мен бөлуге арналған жанама сұрағы бар есептерді шығару» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына жанама сұрағы бар есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау мен өзіндік жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Сабақ барысында білім беру мазмұнына сай пәндік, метапәндік және тұлғалық нәтижелерге қол жеткізу көзделді. Оқыту әдістемесінің негізінде Сингапур тәсілінің элементтері мен заманауи педагогикалық әдістер қолданылды:

— сыни ойлауға үйрету тәсілдері («жуан және жіңішке сұрақтар»);

— проблемалық оқыту;

— ойын және топтық технологиялар;

— даралап оқыту.

 «Ралли Робин», «Тим-пейр-шер», «Миға шабуыл» сияқты құрылымдарды қолдану барлық оқушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік берді. Сабақ жоғары деңгейде өтті, мазмұнды, қызықты әрі нәтижелі болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *