Іс-шара барысында ата-аналарға өрт, газдың шығуы, су тасқыны, апаттар және басқа да төтенше жағдайлар туралы ақпарат беріліп, әрекет ету алгоритмдері мен жиі кездесетін қателіктер талқыланды.
Балаларды қауіпсіз мінез-құлыққа үйрету бойынша нақты ұсыныстар ұсынылды, сауалнама жүргізілді. Ата-аналар белсенділік танытып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сабақ соңында барлық қатысушыларға ақпараттық жаднамалар таратылды. Іс-шара мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
