Skip to content

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

 10–11 сыныптарда «Отбасы – жылулық пен мейірімнің бастауы» тақырыбында сынып сағаты өтті

Халықаралық отбасы күніне орай 10 және 11 сыныптарда отбасының адам өміріндегі маңызы жайлы сынып сағаты өткізілді.

Оқушылар сенім, сыйластық, қамқорлық, махаббат пен түсіністік секілді отбасы құндылықтары туралы пікір алмасты.

 Олар өз отбасыларының дәстүрлерін, ата-аналарының тәрбиесін, ұрпақтан ұрпаққа берілетін рухани мұра туралы ойларымен бөлісті.Сабақ барысында келесі сұрақтар талқыланды:

— Отбасылық дәстүрді сақтау не үшін маңызды?

— Ата-анаға, жақындарға алғысты қалай білдіруге болады?

Сабақ соңында оқушылар «Отбасы құндылықтарының ағашын» құрастырып, оның әрбір бұтағы отбасының өмірдегі орны мен маңызын бейнеледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *