Skip to content

Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша сабақ

22 мамыр күні біздің мектепте төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша көрсетілімді сабақ өтті!

Оқушылардың қауіпсіздік деңгейін арттыру және оларда ТЖ жағдайында қажетті білім мен мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында мектепте Қостанай қаласы ТЖБ қызметкері – инженер, азаматтық қорғау лейтенанты Мырзағұлов Жақсылық Манарбекұлының қатысуымен көрсетілімді сабақ ұйымдастырылды.

Кездесу барысында оқушылар:
🔹 өрт, жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар кезінде қалай дұрыс әрекет ету керектігін;
🔹 алғашқы өрт сөндіру құралдарын қалай пайдалану керектігін;
🔹 қиын жағдайларда сабыр сақтап, басқаларға көмектесу керектігін білді.

Азаматтық қорғау лейтенанты тәжірибелік кеңестер беріп, оқушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Осындай іс-шаралардың арқасында балалар жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты анағұрлым дайын әрі жауапты бола түседі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *