🟣 Күнінің тақырыбы: «Достық күні» (Бірлік және ынтымақтастық)
🟣 Ұраны: «Достық — күштің қайнар көзі!»
🟣 Мақсаты: Балалар бойындағы позитивтік әлемге деген көзқарасын қалыптастыру, өзара көмек көрсетуге, сенімге және Қазақстан халықтары арасындағы мәдени әртүрлілікті құрметтеуге тәрбиелеу.
Күні қызыққа толы болды: психологтің тренингі және «Smile Day» акциясымен басталды, кейін балалар ағылшын тілінде диалог құрып, тілдік әдістер арқылы достық тақырыбындағы білімдерін жетілдірді. Спорттық ойындар арқылы топ болып жұмыс істеуге үйренді. Түстен кейін балалар «Айдаһарды қалай үйретуге болады» мультипликациялық фильмін көру үшін кинотеатрға барды. Күнің соңында рефлексия өткізіліп, балалар алған әсерлерімен бөлісті.
«Достық күні» балалардың қаншалықты жылы, ізгі және тілектестік құндылықтарын бойларына сіңіргендіктерін көрсетіп берді! 🌲🎨🎭✨

