Жас педагогтардың педагогикалық тәжірибесін анықтау және тарату, зияткерлік қабілеттерді дамыту бағытын қолдау мен насихаттау, сондай-ақ оқушыларды зерттеу және жобалық қызметке тарту мақсатында «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы «Ғылымға алғашқы қадамдар» атты қалалық сырттай әдістемелік әзірлемелер байқауын өткізді. Байқау қорытындысы бойынша химия пәнінің мұғалімі Абенова Мадина Ануарбекқызы 1-орынды иеленді! Мадина Ануарбекқызын лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!
