Біздің мектепте иесіз, көше жануарларына арналған азық жинау акциясы! 🌟
Құрметті оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар!
Мектебімізде иесіз, көше жануарларына арналған азық жинау акциясының басталғанын хабарлаймыз. Бұл біздің кішкентай достарымызға мейірімділік пен қамқорлық көрсетудің тамаша мүмкіндігі.
Өткізу мерзімі: 2025 жылдың 13-15 қаңтары
📍 Жинау орны: 316-кабинет
Не жинаймыз:
– Иттер мен мысықтарға арналған құрғақ азық
– Консервілер
– Дәмді тағамдар
Сіз қалай көмектесе аласыз:
1. Азықты көрсетілген уақытта 316-кабинетке алып келіңіз.
2. Достарыңыз бен отбасыңызды акцияға қатысуға шақырыңыз!
Келіңіздер, бірге жақсылық жасап, қолдау күтіп жүрген жануарларға көмектесейік!
Барлық жиналған азық Қостанай қаласындағы иесіз, көше жануарларына арналған паналау және оңалту орталықтарына жеткізіледі.
Көмектеріңіз бен қатысуларыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! ❤

