🔹 «LEGO шебері» LEGO-шеберханасында оқушылар инженерлік ойлау қабілетін және шығармашылығын дамыта отырып, таңғажайып үлгілерді құрастырды.
🔹 «Оригами-Арт» шығармашылық шеберханасында балалар қағаз бүктеу өнерін меңгеріп, түрлі-түсті әрі ерекше пішіндер жасады.
🔹 «Жасақ эмблемасын жасау» арт-студиясында әр жасақ өздерінің бірегей рәмізін жасап шығарды – бұл нағыз командалық рухтың көрінісі болды.
🔹 «Қызықты химиялық тәжірибелер» ғылыми зертханасында балалар қауіпсіз тәжірибелер жасап, таңғажайып химиялық реакциялармен танысты.
🛟 «Жас құтқарушы» сабағында балалар алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін және төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін үйренді – көмектесуге дайын болу өте маңызды!
♻️ Сонымен қатар, біз экологиялық әдеттерді қалыптастыруды жалғастырдық: балалар қалдықтарды қабылдау пункттерін іздеп тауып, өз табыстарымен стористе бөлісті – енді қалдықтарды сұрыптау пайдалы ғана емес, сонымен бірге қызықты іс болды!
🤖 Техно-станциялар бойынша өткен интерактивті квест барысында қатысушылар бағдарламалау дағдыларын сынап көріп, робототехникамен танысты және «ақылды қалалардың» қалай жасалатынын білді.
