2025 жылғы 5 маусымда Эколог күні аясында «Жер Амбассадорлары» экоклубының оқушылары республикалық экологиялық іс-шараларға қатысты.
Оқушылар Neсо экологиялық клубы ұйымдастырған викторинаға қатысып, пластикалық қақпақтарды жинауға арналған контейнерге ие болды. Бұл контейнер мектепке орнатылып, қоқысты сұрыптау жұмыстары жалғасатын болады.
Одан кейін балалар «Таза жағалау» экомарафонына қатысып, су жағалауындағы қоқысты жинады.
Барлық қатысушыларға белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс айтамыз!


