2024 жылғы 19 қыркүйекте полиция подполковнигі Жалғас Жұматұлы Нұрахметов “Интернет-алаяқтық”атты әңгіме өткізді. Кездесу барысында алаяқтардың өздерінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыру үшін интернет мүмкіндіктерін оңтайлы пайдаланатын әдістері мен тәсілдері туралы айтылды, айтылған проблемалардың алдын алу жолдары түсіндірілді.
