Skip to content

Қостанай облысы әкімдігі білім  басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің№21 жалпы білім беретін мектебі» КММ 02.08.2024-12.08.2024ж. бойынша келесі бос лауазымға конкурс жариялайды:

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» педагогтерді конкурстық қабылдау қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 30 наурызда № 7495 болып тіркелген, жаңа редакцияда-2021 жылғы 19 қарашадағы Білім және ғылым министрінің № 568 бірлескен бұйрығымен және 2021 жылғы 22 қарашадағы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің № 432 бұйрығы, Қостанай облысы әкімдігі білім  басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің№21 жалпы білім беретін мектебі» КММ 02.08.2024-12.08.2024ж. бойынша келесі бос лауазымға конкурс жариялайды:

биология мұғалімі, физика мұғалімі, көркем еңбек мұғалімі, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.

 Конкурсқа қатысатын педагогтерге қойылатын талаптар:

пән бойынша жоғары немесе арнаулы орта педагогикалық білім, коммуникабельділік, жауапкершілік.

Конкурсқа қатысу үшін мектеп кеңсесіне келесі құжаттар топтамасын ұсыну қажет:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау: Қостанай қаласы, Леонид Беда көшесі, 122,              қабылдау бөлмесі мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.                                     

Байланыс телефоны: 8 (7142) 50-47-71

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *