Skip to content

О вкладе сотрудников прокуратуры в Великую Победу

Прокурорлар майдан шебінде

Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Қазақстаннан жүз¬деген прокурор майданға өз еркімен аттанды. Олар жаумен шай¬қаста нағыз батырлықтың үлгісін көрсетті. Алайда про¬куратура қызметкерлерінің жеңіске қосқан үлесі, олардың тыл¬дағы қажырлы еңбегі туралы екінің бірі біле бермейді. Сол себепті көпшілікке беймәлім тарихи тақырыпты қозғауды жөн көрдік.

Соғыс жылдарында прокурорлар да Отан қорғау жолында жан аямай шайқасты. Қаһарман прокурорлар арасында Кеңес Одағының батырлары бар. Атап айтсақ, олар – Нұркен Әбдіров, Мұса Баймұханов, Садық Әбдіжаппаров және халқымыздың мақтанышы, қолбасшы Бауыржан Момышұлы.

Бауыржан Момышұлының ерлігі мен әскери қолбасшылық қабілеті, әскери ғылымға қосқан еңбегі, жазушылық таланты туралы жұрт жақсы біледі. Аңызға айналған қолбасшының өмір жолы мен майдандағы ерлігі туралы көптеген ғылыми зерттеу, көркем шығармалар жазылып, деректі және көркем фильмдер түсірілген. Алайда Кеңес Одағының батыры 30-жылдары Жамбыл облысы Жуалы ауданының прокуроры болып қызмет еткені көпшілікке беймәлім. Оның өр мінезі, қайсарлығы, әділдігі мен өмірге деген көзқарасының қалыптасуына прокуратурадағы қызметі де ықпал етті деп ойлаймыз. Ол өзінің «Соғыс психологиясы» атты еңбегінде үлкенге құрмет, парыз бен ар-ожданды сезіну, қоғамдық тәртіп пен заңдарды мүлтіксіз сақтау – адамның бойындағы асыл қасиеттер екенін айтқан. Батырдың бұл сөздері әлі де өзекті және Мемлекет басшысы жариялаған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасымен сабақтасып жатыр. Жеңістің 80 жылдығына орай батырдың келіні Зейнеп Ахметованың қатысуымен Жамбыл облысы прокуратурасы жанында мемориал тас қойылды, ал Жуалы ауданы прокуратурасы ғимаратына ескерткіш-тақта орнатылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *