Мектептегі әдістемелік жұмыс – бұл педагогтердің оқу-тәрбие процесінің технологиялары мен әдістемелерін игеру, оларды сабақта және сабақтан тыс уақытта шығармашылық қолдану мақсатында жүргізілетін әр педагогтің құзыреттілігі мен кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған білім беру қызметінің түрі. №21 жалпы білім беретін мектептің педагогикалық ұжымы білім беру процесін ұйымдастырудың, жүргізудің және талдаудың жаңа ақпараттық, неғұрлым ұтымды және тиімді нысандары мен әдістерін тұрақты іздестіруде. Тәжірибеге мықтап енген осы формалардың бірі – Форсайт сессия және Киплинг әдісі.


2023 жылдың 28 қаршасында біздің мектеп оқушыларының командасы: Коротун Владимир 9 сынып оқушысы; Тарасенко Кирилл 10 сынып оқушысы; Сейдилдаева Милана 9 сынып оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне қатысты. Конкурс нәтижелері бойынша: 1.Тарасенко Кирилл ағылшын тіліндегі ғылыми жұмысымен лайықты 3-ші орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі: ағылшын тілі мұғалімі Рабига Нурлановна Мизамбаева; 2.Сейдилдаева Милана химия бойынша ғылыми жұмысымен лайықты 3-ші орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі химия мұғалімі Мадина Ануарбековна Кабдуали. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!

Қоршаған ортаны қорғауға барлығы атсалысады! Қостанай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және «Neco» экологиялық клуб» қоғамдық қорымен экологиялық тәрбие жөніндегі бірлескен жоба шеңберінде экология туралы роликтер сериясы.
@Neco_kst
@prirodakostanay
@kost__bilim
2023 жылдың 27 қыркүйегінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №21 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің облыстық семинары өткізілді. «Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылар үшін орфографиялық дағдыларды қалыптастыру бойынша кейс-технологияларды қолдану» семинарының тақырыбы бойынша мектеп педагогтері ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар оқитын түзету сыныптарында, жалпы білім беру сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Семинарға қатысушылар инклюзивті тәжірибені жетілдіру бойынша педагогикалық ұжымның жүйелі жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. Семинар бағдарламасында инклюзияны қолдау кабинетінің таныстырылымы ұйымдастырылып, семинарға қатысушы мұғалім-логопедтер мен педагог-психологтердің жұмысымен танысты. Орыс тілі бойынша ашық сабақтар берілді, онда педагогтер ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылар үшін орфографиялық дағдыларды қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Мектептің оқу-тәрбие процесін әдістемелік қолдап отыру бойынша орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің сындарлы диалогі өтті.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №21 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2023 жылдың 3 қазанында «Lessonstudy» сабағын зерттеу бойынша оқыту семинары өткізілді. Мектеп педагогтерінің осы әдіс бойынша оң тәжірибесі бар, бұл оқу процесінің көптеген мәселелерін табысты шешуге мүмкіндік береді. Семинарға 16 педагог қатысты. Семинарды Lesson study бойынша мектеп үйлестірушісі Людмила Владимировна Вайс дайындады және өткізді, ол үшінші жыл бойы біздің мектеп педагогтерінің сабақты зерттеу жұмысын жетекшілік етеді. Семинарда педагогтер арасында сындарлы диалог өтті: оқу үлгерімі нашар оқушылардың өзін-өзі бағалауын арттыру; мұғалімнің «соқыр аймақтарын» азайту; педагогтердің диагностикалау, нәтижелерді болжау және т.б. қабілеттерін қалыптастыру. Семинар соңында педагогтер қызығушылықтары бойынша топтарға бірігіп, жұмыс істейтін және сабақтың жаңа зерттеулеріне дайын болатын тақырыпты анықтады.


