2025 жылғы 30 мамырда №21 жалпы білім беретін мектепте «Өмірге қол соз!» акциясы өтті. Бұл акция мектебімізде жыл сайын өткізіледі. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында біз балаларды, ата-аналарды және педагогтарды Республикалық оқу-әдістемелік орталығы мен ТЖ орталығының жұмысымен таныстырдық. Іс-шараның мақсаты – мүмкіндігінше көп адамға бұл орталықтардан қандай көмек алуға болатынын түсіндіру. Қуантатыны – жыл сайын акциямен қамтылғандардың саны артып келеді. Акция Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды.


