Skip to content

Педагогикалық кеңес

Дс, 12 Қыркүйек 2022

Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру және оқыту сапасын арттыру мақсатында Қостанай қ. №21 жалпы білім беретін мектептің педагогикалық кеңесінде «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын оқып-үйренуге және орындауға ерекше назар аударылды.

Мектеп директоры Н.С. Шагабутдинова осы Заңның негізгі тармақтарына жан-жақты тоқталды. Ол мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжымның «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының сақталуы мен орындалуына талдау жасады.

Педагогикалық кеңестің шешімімен мектеп ұжымының оқу-тәрбие қызметінде Заңның негізгі қағидалары мен оларды жүзеге асыру бойынша мүлтіксіз сақталуы  назарға алынды.