Skip to content

Педагогтердің XI ашық аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты

2024 жылдың 20 наурызында біздің мектептің 16 педагогі «Білім беру сапасын арттыру – оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамытудың маңызды шарты» Тобыл Еслямгалиевич Дәулетбаев атындағы педагогтердің XI ашық аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты. Жаңашылдық пен шығармашылық әрқашан мұғалімдік дәстүрде болды. В.А. Сухомлинский мектеп басшыларына: «Егер сіз педагогикалық жұмыс мұғалімге қуаныш сыйлағанын қаласаңыз, күнделікті сабақтар көңілсіз жалықтыратын монотонды тәртіпке айналмас үшін, әр мұғалімді шығармашылықтың бақытты жолына апарыңыз», – деді. Иә, №21 ЖББМ педагогтері өз оқушыларын жаңа жеңістерге жетелейді. Шығармашылық тұлғаны тек шығармашылық мұғалім ғана тәрбиелей алады! Эстафета берілді –                       2024 жылдың 5 сәуірінде біздің мектептің 19 оқушысы Тобыл Еслямгалиевич Дәулетбаев атындағы оқушылардың XI ашық аймақтық ғылыми-практикалық конференциясына қатысады. Оларға табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *