15 мамыр күні Қостанай қ. №21 ЖББМ-де Қостанай қ. ПБ ЖПБ полиция капитаны Ж. Т. Бекмұхамбетов пен полиция капитаны, ЖББ УПИ аға инспекторы Д. Т. Насамбаева 7-сынып оқушыларымен “қоғамдық орындарда және жазғы каникул кезінде жүріс-тұрыс ережелері”тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Балаларға қоғамдық тәртіпті сақтаудың, көшеде, интернетте және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіздіктің маңыздылығы туралы еске салынды. Әңгіме жылы және жанды атмосферада өтті-оқушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Жаз тек көңілді ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз болуы керек!
