Керемет кәсіби мереке – Мұғалімдер күні қарсаңында № 21 орта мектепте оқушылардың өзін-өзі басқару күні өтті. Бұл күні оқушылар мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің рөлінде толық оқу күнін өткізуді шешті. Жоғары сынып оқушылары кесте бойынша сабақтарын өткізіп, мерекелік концерт дайындады . Бұл күні ұстаздарға көптеген жылы лебіздер айтылды, ән шырқалды.
Мектеп директоры Наталья Серафимовна Шагабутдинова ұжымға құттықтау сөз сөйледі. Әріптестеріне алдағы уақытта кәсіби өсу, еңбектерінде шығармашылық биіктерден көріне берулеріне, олимпиадалар мен түрлі байқауларда табыстар мен жетістіктер тіледі.
Қазақстан Республикасы Білім министрінің атынан ұстаздарға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етті. Көптеген мұғалімдердің еңбектері мектеп кәсіподақ комитетінің грамоталарымен де марапатталды. Бұл күні мектеп мұғалімдері де, оқушылары да мерекелік көңіл-күй мен жағымды эмоцияларды бастан кешірді.
Ұстаздар күні құтты болсын!