Мектебіміздің педагог-психологтары отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі мен қолдауы туралы маңызды мәселелерді қозғаған әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында отбасының бала өміріндегі рөліне тереңірек үңілуге көмектесетін тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, талқыланды. Кездесу соңында ата-аналарға үйде балалармен жұмыс істеуге арналған пайдалы ұсынымдары бар ақпараттық буклеттер табысталды.


